Жыл соңына дейін 6,8 мың отбасы жаңа үйге кіреді — Қуандық Бишімбаев

«Биыл қаржыландырудың барлық бағыттары бойынша жалпы соммасы 750 млрд. теңгені құрайтын 9 млн. шаршы метр тұрғын-үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржының 53 млрд теңгесі арендалық тұрғын-үйге, 127 млрд теңгесі кредиттік баспанаға бөлінсе, коммерциялық тұрғын үйге 97 млрд теңге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымға 61 млрд теңге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына несие беруге 22 млрд теңге жұмсалады. Осының арқасында өткен жылы және ағымдағы жылдың басынан бері 22,6 мың отбасы баспаналы болды. Жылдың соңына дейін тағы 6,8 мың отбасы жаңа үйге кіре алады. Ал 2017 жылы 33 мыңнан астам пәтер салынады», — дейді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, соңғы 25 жылдың ішінде бір миллионнан астам отбасыға 113,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2015 жылы Алматы, Астана, Маңғыстау мен Қызылорда облыстары тұрғындары жаңа үйге қол жеткізсе, биыл Алматы, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. 

ДереккөзBAQ.kz