Қазақстанда орташа зейнетақы 55 мың 49 теңгені құрайды

Жыл басынан бері қазақстандықтар 884,7 млрд. теңге сомасында зейнетақы төлемдерін алды

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 млрд. теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 689,4 млрд. теңге бөлінді.

1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн. 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 млн. 20 мың адам алады.

Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 965 теңгені, зейнетақының орта  мөлшері 55 мың. 49 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде).