Басты бетЖаңалықтарМонро Головкиннен...

Монро Головкиннен жеңілісі үшін есе қайтармақ

«Рингте өз атыма лайықты болуым тиіс. Мені Мангуст деп тегіннен атамайды ғой: үнемі соққылар жасаймын және өзімді ұруға мүмкіндік бермеймін. Бірақ Головкинмен комментаторлар мен жанкүйерлер қалағандай айқастым. Ең қауіпті жігітпен жекпе-жекке шыққанда жеңіс туралы ғана емес, қалай шоу жасауға болатындығын да ойлауың керек. Менің қарсы соққыларым өте мықты. Жуырда рингке қайта ораламын. Сондероспен Головкиннен бұрын кездесемін деп ойлаймын, өйткені GGG-ге бұл белбеу қажет. Ал мен, маған екінші мүмкіндік берілгенін қалаймын», — деді Монро.

Еске салайық, Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегі 2015 жылдың 16 маусымында өтті. Қазақстандық боксшы 6-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл туралы Sports.kz жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ДереккөзҚазАқпарат