Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Бақытжан Сағынтаев. Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Алматы әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматының әкімі болып тағайындалсын, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаевты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатты. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 24 наурызында тағайындалған еді. Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырымбек Көшербаевты  Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version