Басты бет Қоғам Данияр Есин Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Данияр Есин Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Ол мұның алдында Нұр-Сұлтанның қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. Данияр Есин бұл қызметке 2018 жылдың наурызында тағайындалған еді.

Данияр Есин. Фото: Muftyat.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Есин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астананың Инвестициялар және даму басқармасында басшының орынбасары, басшы қызметтерін атқарды. 2016-18 жылдары Астананың Дін істері басқармасының басшысы болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version