ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Есин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астананың Инвестициялар және даму басқармасында басшының орынбасары, басшы қызметтерін атқарды. 2016-18 жылдары Астананың Дін істері басқармасының басшысы болды.