Ұлттық мүдделерді қорғау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге және Еуразиялық экономикалық одақ, ҚХР және Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет. Экспортқа шығарушыларды қолдау үшін оларға көрсетілетін қызмет түрлерін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмылдыру керек. Ішкі нарықты қорғау және оны сапалы әрі қолжетімді тауарлармен толтыру мәселелері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және ел экономикасының дамуына тікелей байланысты. Сондықтан заманауи форматтағы нарықты дамыту және ақшасыз төлем механизмін кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимыл жүргізу маңызды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2019 жылдың 17 маусымында ҚР Сауда және интеграция министрлігі құрылды. Сауда және интеграция министрі қызметіне Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі қызметін атқарды.