Басты бет Жаңалықтар Алматыда «ESENTAI CITY» шағын ауданы салынады

Алматыда «ESENTAI CITY» шағын ауданы салынады

Алматы қаласында «ESENTAI CITY« деп аталатын жаңа шағын аудан салынады. Аумағы 46 гектар жерді құрайтын аудан әл-Фараби даңғылынан жоғары, шаңғы трамплині кешеніне жақын орналасатын болады, деп хабарлайды 7kun.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыстың бірінші кезеңі 2017 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Пәтерлердің шаршы метрі 100% алдын ала төлем жасалған жағдайда 600 мың теңгені құрайды. Ал бір жылға бөліп төленсе 650 мың теңге.

«Жаңа аудан орталық саябақ арқылы өмір сүруге (пәтерлер, таунхаустар) және жұмыс істеуге арналған кеңістік (офистер) болып екі концептуалды аймаққа бөлінеді. ESENTAI CITY-де мыңнан аса пәтерлердің шатырында жеке терассалар  және 5 мыңға жуық автотұрақ болады», — деді жобаның бас сәулетшісі Роландас Ключинскас.

Esentai City-де тұрғын үйлерден бөлек, 46 офис ғимараттары салынады. Олар заманауи халықаралық жасыл стандарттарға сай жобаланып, LEED рейтингі бойынша сертификацияланады. Бұдан бөлек, ауданда жаяу жүргіншілер жолы, жүгіруге және велосипедке арналған жолдар пайда болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version