Басты бетҚоғамҚазақстанның 4 облысында күн қатты ыстық болады

Қазақстанның 4 облысында күн қатты ыстық болады

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның Солтүстік өңірлерінің кей жерінде тұман түседі, еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерінде дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, бұршақ жауып, СҚО-ның кей жерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерінде таңертең және күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде де дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Атырау, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл тұрып,  Ақтөбе облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерінде күн қатты ысиды.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында   өрт қауіпі сақталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да