Қазақстан киноөндірісі 2016 жылы қандай туындылармен толықты? (бейне, тест)

Жаралы періште

Жанр: драма

Режиссер: Эмир Байғазин

Рөлдерде: Нұрлыбек Сақтағанов,  Мадияр Әріпбай, Мадияр Назаров, Омар Әділов, Анзара Барлықова, Тимур Айдарбеков, Қанағат Тасқараев, Расул Вильямoв.

https://youtu.be/VhXm7KlPqQg

Фильм жасөспірімдердің басынан өтетін қиындықтар туралы трилогияның екінші бөлімі. Бұл жобаға Қазақстаннан бөлек,  Франция, Швейцария, Голландия, Германия және Біріккен Араб Әмірліктерінің мамандары атсалысқан. Фильм фин суретшісі Хуго Симбергтің әйгілі картинасымен аттас. Мұнда төрт кейіпкердің демалыс кезінде басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Сабина келін-2

Жанр: комедия

Режиссер: Нұртас Адамбаев

Рөлдерде: Нұртас Адамбаев, Айнұр Ильясова, Ерлан Қасымжанұлы, Жан Ізбасар, Тоқжан Таханова, Әлішер Өрікбаев

Сабинаның басынан өткен қызықты оқиғалары жалғасын тапты. Өз қалауынан тыс тұрмысқа шыққан Сабина келін боп түскен аулының тіршілігіне бейімделуі керек. Фильмнің алғашқы бөлімі 2014 жылдың күзінде жарыққа шыққан болатын.

30 жаста тұрмысқа шығу

Жанр: комедия

Режиссер: Асқар Биссембин

Рөлдерде: Әсел Садуақасова, Санжар Мадиев, Берік Айтжанов, Адель Оразалинова, Жанна Қуанышева

Фильм  банкте жұмыс істеп жүріп, тұрмысқа шығуды армандайтын Эля есімді бойжеткен жайлы. Ол өзінің туған күнінде бұрынғы жігітінің қайдағы бір ақымақ қызға үйленетіні туралы хабарды есітеді. Жігіті  Дастан Санжар Мәдиев ойнайтын кейіпкермен барлығын өзгертеді. Қыз оның виртуальды махабаттына айналады.

Моя чужая

Жанр: мелодрама

Режиссер: Ёдгор Насыров, Бобур Юлдашев

Рөлдерде: Жан Байжанбаев, Гүлнар Досматова, Диляра Байжанисова, Беруний Нарзуллаев, Рано Шодиева

Фильм сценарийі қазіргі уақыттағы оқиғалар желісіне құрылған. Тағдыр жас кәсіпкер Әлішерді ақылына көркі сай Айлин есімді арумен тоғыстырады. Таныстықтары махаббатқа ұласқан екі ғашық бір-біріне қатты бауыр басып қалғанымен де өткен күндердің елесі олардың сезімін суытады.

16 қыз

Жанры: комедия

Режиссер: Қанағат Мұстафин

Рөлдерде: Аша Матай, Берік Айтжанов, Әнуар Нұрпеисов, Жанаргүл Жанаманова

«16 қыздың» идеясы «Дос-Мұқасан» ансамблі орындайтын аттас ән арқылы туындаған. Сюжетте бесік құдалар балаларын таныстырмақ болады. Алайда, қыздың өз сүйгені бар. Байырғы таныстардан ұят болмасын деген қыз өзіне келген жігітті 16 құрбысымен тансытырмақ болады.

Қаратас ауылындағы оба

Жанр: драма

Режиссер: Әділхан Ержанов

Рөлдерде: Нұрбек Мұқұшев, Айбек Құдабаев, Баймұрат Жұманов, Т.Талғат, Шыңғыс Әбіров, Олжас Шаханов

Фильм ауылға жаңадан келген әкім жайында. Ол жаңа қызметінде реформа енгізгісі келеді. Бірақ, ауылда бір індеттің таралғанын біліп, оны анықтауға тырысады. Ауыл әкіміне «жоғарғы жақтағы» билік өкілдері оның жай ғана тұмау екенін айтқанымен, ол мұның осы жерде жүз жылдан бері «тамыры» үзілмей келе жатқан оба індеті екенін анықтайды. Бірақ, ауыл тұрғындары бұған үйреніп кеткен…

04:29

Жанр: мелодрама

Режиссер: Мереке Мұқан

Рөлдерде: Ербол Семкулов, Карина Габриэль

https://youtu.be/klxWTPdszzc

Фильм екі жалғыздықтың жолығуын суреттейді. Қыз – жарақат алған балерина. Ол өмірден түңіліп, көпірден секіріп кетпек болғанда, Әлихан есімді жігіт құтқарып алады. Жігіт қызды ұшаққа отырғызып, көпірден секіргенше, ұшақтан секіруге үгіттейді. Әрине, ұшақпен. Қыз бұл ойды ұнатпайды. Ары қарай екі жастың ортасында махббат хикаясы басталады.

Анаға апарар жол

Жанр: драма

Режиссер: Ақан Сатаев

Рөлдерде: Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек

Премьера: 29 қыркүйек 2016

Жастайынан үйінен кеткен кейіпкер соғысты көріп, тұтқындар лагеріне түседі. Осы жылдар бойы ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Кейіпкердің 45 жыл өмірі экранда өрбиді. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.

Тараз

Жанр: драма, атыс-шабыс

Режиссер: Нұртас Адамбай

Рөлдерде: Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыров, Гүлназ Жоланова, Асан Мәжит, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов,Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев және Әшім Ахметов

Премьера: 6 қазан 2016

Адамбаевтың бұл туындысында әзіл-қалжыңға орын жоқ. Себебі, фильм криминалдық-әлеуметтік драма жанрында түсірілген. Сюжет Тараздағы үш достың тағдыры туралы өрбиді.

2016 жыл отандық кинөндірісте осындай туындылармен есте қалмақ. Ал, сіз барлық туындыларды көрдіңіз бе? Біз құрастырған тестпен өзіңізді тексеріп көріңіз.