Басты бетҚоғамАрыс тұрғындары...

Арыс тұрғындары жуырда үйлеріне оралады — Юрий Ильин

Арыс тұрғындары қашан үйлеріне қайтатыны және қала инфрақұрылымы қалай қалпына келтірілетіні туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.

Минасыздандыру аяқталғанда және тұрғындарды қайтару мүмкіндігі туралы шешім қабылданғанда материалдық залалды есептеу комиссиясы жұмыс істейді. Премьер-министр тағайындаған жұмыс тобы Жеңіс Қасымбектің басқаруымен әкімшіліктермен және құрылыс компанияларымен бірлесіп, әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерге келген залалды есептейді. Келешекте мемлекеттік резервтен құрылыс материалдарын тарату туралы шешім қабылдаймыз, — деді Юрий Ильин.

Министр орынбасарының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік резервтен қаржы бөлінеді. Сметалық есеп ұсынылғаннан кейін қалпына келтіру басталады.

Юрий Ильин Арыс тұрғындарының қалаға оралуы туралы да айтты.

Бұның бәрі қоймалардағы жағдайдың қалпына келуіне, миналарды алып тастау жылдамдығына байланысты. Мемлекет басшысы барлық жұмысты қысқа мерзімде, 2-3 күннің ішінде аяқтауды тапсырды, — деді ол.