Басты бетЖаңалықтар"Рахмет" тегін...

«Рахмет» тегін дүкені жұмыс істейді

«Осындай қиын уақытта адамдардың қайырымдылық жасауға ат салысатындары мені қуантады. Маған осындай ұсыныспен келгенде, қолда бар ғимаратымды қуана-қуана бердім»,- дейді Қасым Ботанов.

Бұл бастаманың авторы Кәсіпкерлер палатасының Теміртаудағы бөлімі. Олар қала тұрғындарын қайырымдылық шарасынан сырт қалмай, барымен бөлісуге шақырады.

«Біз теміртаулықтарды көмек беруге шақырамыз. Олар өздерінің бұрын қолданған заттарын, тұрмыстық техникаларын бізге әкеліп берсе болады. Біз оларды әлеуметтік көмекке зәру отбасыларға береміз» — дейді Кәсіпкерлер палатасының Теміртаудағы бөлім басшысы Әзиз Оразұлы.

Ұйымдастырушылар дүкендегі кез келген затты осында келген күн көрісі төмен отбасыларға «Рахмет» сөзіне айырбастайды, яғни тегін таратады. Сондай-ақ, алдағы күндері бұл жерге әйелдерге қолдау көрсету қорын ашу жоспарланып отыр.

Дереккөзpalata.kz