Басты бет Қоғам Ядролық қаруды сақтауға тыйым салатын заң қабылданды

Ядролық қаруды сақтауға тыйым салатын заң қабылданды

Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады.

Фото: Іnform.kz

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды. Бұл шарт — бұрын ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат. Ядролық қаруға заңды тыйым салу — ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажет алғашқы қадам.

Шарттың ережелеріне сәйкес, ядролық қаруды пайдалануға әрі қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған, — деді Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.

Аталған шарт 2017 жылғы 20 қыркүйектен бастап Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясында қол қойылуы үшін ашылды.  Сонымен қатар 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойды, 23 мемлекет ратификациялады. Шарттың күшіне енуі 5 жылға созылуы мүмкін.

Шартты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сәйкес келеді. Осы заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version