Допингке рұқсат алғандардың бесінші легі анықталды

Бұл хакерлердің алдыңғы тапқан тізімдерінен де үлкен. Онда 13 елден 41 спортшының есімі жазылған. Оның жетеуі Олимпиада ойындарының алтын жүлде иегерлері. Олар: Кейт Кэмпбелл мен Мэдисон Уилсон (Австралия, жүзу), Каори Мацумото (Жапония, дзюдо), Камерон ван дер Бург (ОАР, жүзу), Нино Шуртер (Швейцария, маунтинбайк), сондай-ақ американдық Винсент Хэнкок (стендтік ату) мен ұлыбританиялық Саския Кларк (желкенді спорт).

WADA бұл құжаттың да алдыңғы төрт тізім сияқты шынайы құжат екенін мойындады.

Fancy Bears осыған дейін теннистегі әпкелі-сіңлі Уильямстар, Петр Квитов пен Рафаэль Надальдің WADA-дан қатты әсер ететін препараттарды қолдануға рұқсат алғаны туралы құжаттарды жариялаған еді. Сарапшылардың атуынша, бұндай препараттар кәсіби атлеттерге емес, жантәсілім алдында жатқандарға арналған.

Хакерлер жариялаған  тізімнің ішінде әлемнің 107 спортшыларының есімдері бар.

ДереккөзРИА Новости