Соғысқа дейінгі Сирия халқының бейбіт өмірі қандай еді?

Шынына келгенде, мұнда осыдан бірнеше жыл бұрын ғана фундаментализмнің ізі де жоқ болатын. Сирия – әлемге есігі ашық, тыныштық пен ырыс-берекеде дамып келе жатқан зайырлы мемлекет еді. Ондағы көне сәулет ескерткіштеріне жарылғыш зат қойып, қиратып, жоқ қылу  ешкімнің де ойына келмейтін.

Міне, сондықтан да сіздерге XXI ғасыр басындағы соғыстан мүлдем бейхабар Сирияның өмірін таныстырмақпыз

2007 жыл. Жер бетіндегі ең көне қалалардың бірі Дамаск аспанындағы әуе шары. Бұл әуе көлігі кезінде Сирия астанасының ғажайып келбетіне сүйсіне қарау үшін ұшырылса, бүгінде артиллериялық қарулардың орнын реттеу үшін пайдаланылса керек.

Дамаск үстіндегі әуе шары

2006 жылдың тамызы. Сирияның бас қаласындағы халқы құжынаған базар.

Сирия базары

2008 жылдың тамызы. Сирияның солтүстік-шығысындағы шопан.

Сирияның солтүстік-шығысындағы шопан

2008 жылдың шілдесі. Дамаскте сириялық модельердің жазғы киім коллекциясын көрсетуі.

Дамаскте сириялық модельер

2000 жылдар. Сук әл Хамидия базары. Дамасктің көнеден келе жатқан ірі базары

Сук әл Хамидия базары

2008 жылдың қазан айы. Алеппо ансамблінің дервиш-бишісі Дамаскте өнер көрсетіп жатыр.

Алеппо ансамблінің дервиш-бишісі

2006 жылдың наурыз айы. Аллеппоның тарихи орталығында орналасқан базардағы кілем тоқу өндірісі.

Сириядағы кілем тоқу өндірісі

2000 жылдар. Омеядо мешіті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар осы киелі орынға келуге ұмтылған.

Омеядо мешіті

2003 жыл. Сириялық аспаздар Алепподағы стадионда салмағы төрт тонна болатын, марципан мен фисташка қосылған торт әзірлеп жатыр. Сириялықтар осылайша сол кезде ауданы 200 шаршы метрлік торт пісіріп,  Нидерландының рекордын жаңартқан болатын.

марципан мен фисташка қосылған торт

Ары қарай 2000 жылдар. Әкесі баласын жергілікті би мәнеріне үйретіп жатыр.

690b5f7876ad73af732828a00b970c693e82

Христиандар мен мұсылмандар аралас қоныстанған Маалула  қаласы. Маалуладағы үйдің шатыры. Христиан отбасының бос уақытын өткізуі.

Маалула қаласы

Дамаск. Ид әл-Фитр мейрамындағы балалар. (Ораза айт)

Ид әл-Фитр мейрамы

Дамаск базарындағы кездесу.

Дамаск базарындағы кездесу

Үйдің балконынан  көне Алеппо қамалына қарағандағы көрініс. Бүгінде осы цитаделде Үкімет әскерлері жайғасқан. Айналасындағы аудандарда позициялық ұрыстар жүріп жатыр. Мына фотосурет түсірілген үй қазір қиратылған шығар

Сириялық кулинария академиясының өкілдері Алепподағы мейрамханалардың бірінде түстеніп отыр. Оны «гастрономия інжу-маржаны» деп атайды.

гастрономия інжу-маржаны

Алеппо базарларының бірі. Халеб (Алеппо) – ұзақ жылдар бойына Таяу Шығыстағы ең ірі сауда орталықтарының бірі болған. Қаланы жиһадшылар басып алғанға дейін мұнда базарлардың көп болғаны осының айқын дәлелі.

Халеб Алеппо

Сириялық бәдауилер

Сириялық бәдауилер

Дамаск орталығындағы әткеншек тепкен балалар

Дамаск орталығындағы әткеншек тепкен балалар

Сирияның солтүстік-батысындағы Мааррет-эн-Нууман қаласы. Жас жігітке қиыла қараған қыз. Бүгінде мұндай фото түсіру мүмкін емес. Өйткені, қала исламшылар орнтақан шариғат заңдарымен өмір сүріп жатыр. Қыздарға тек жерге ғана қарап жүруге рұқсат етілген.

Мааррет-эн-Нууман

Алепподағы базарлардың бірінде наубайшылар бір-бірімен әзілдесіп. Ол кезде  алдағы уақытта қала көшелерінде Сауд Арабиясының қаржысына әкелінген қаруларды адамдарға кезенеді, деп ешкім де ойламады.

30f33cf51024b2622cb8840366d8dc78726a

Көне Пальмира – Сириядағы көптеген туристік нысандардың бірі.  Қазір мұнда  «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының сойдауылдары иелік етеді. Олар мәдени ескерткіштерді өз қалауынша жойып жатыр.

Көне Пальмира

Алепподағы саудагерлер. Өткен онжылдықтан айырмашылығы, қазір қаладағы ең өтімді тауар – қару мен оқ-дәрілер.

Алепподағы саудагерлер

Дамасктегі казино. Бүгінде исламшылдар құмар ойындардың барлық түріне ғана емес, сонымен қатар ойын-сауықтың барлығына, ән-күй мен биге де тыйым салынған.

Дамасктегі казино

Сириялық қыз Омеядо мешітінде. Қала өмірі зайырлы сипатта жүріп жатты. Қыз-келіншектерді сонау VII ғасырдағы мұсылман әйелдері сияқты киініп жүруге мәжбүрлейді деп о кезде ешкім де ойламады.

Сириялық қыз Омеядо мешіті

Бұрын Сирияда шетелдік туристерді кездестіруге болатын. Енді қазір Сириядан шетелдік көрсеңіз, ол — не әскери тілші, не әскери кеңесші, не дүниенің түкпір-түкпірінен «жиһад үшін» келген «баскесерлер» болып шығады.

Сириядағы турист

ДереккөзMatveychev Oleg