Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында Алматыда цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысқанын жазды.

Бүгін жұмыс сапарымен Алматыда болдым. Қаланың цифрландыру бойынша даму қарқыны қуантты. Цифрландырудың қазақстандықтардың өмірін жайлы етуімен қатар, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселелерін нақты ойластыруға, бюджет шығындарын азайтуға септігін тигізетініне тағы бір рет көз жеткіздім. Мысалы, қаланы басқарудың ахуалдық орталығында жинақталған деректер жаңа ғимараттар құрылысына миллиондаған салымдардың мектептер мен балабақшалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін шешудегі жалғыз жолы емес екенін көрсетті, — деді Асқар Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, қалада бала саны аз мектептер мен балабақшалар бар. Осыған орай тиісті органдар жолдаманың бөлінбеу себебін анықтап, кезек салдарымен күресіп, бұл мәселені болдырмау үшін жағдай жасауы қажет.  Бұл — Big Data талдауының нәтижесі.

Smart Data Ukimet жобасын енгізу — республика аумағындағы деректі жасанды интеллект технологиясымен талдауға мүмкіндік береді. Деректерге негізделген экономикадан цифрландыруға көшу — дамыған мемлекеттердің үлгісі. Бізге осы бағытта даму қажет, — деді министр.

Асқар Жұмағалиев алдағы 5 жылда технологияларды енгізетін құрылымдар 2030 жылға қарай 10 есе тиімдірек болатынын айтты. Ол Дүниежүзі экономикалық форумының McKinsey & Company-мен бірлескен зерттеу нәтижесіне сүйенген.

Бұл Қазақстан үшін өте өршіл мақсат болғанымен оған қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Өйткені әріптестерімнің жобаны жүзеге асыруға деген құштарлығы мен алғашқы нәтижелерін көріп отырмын, — деді Асқар Жұмағалиев.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!