Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, түлектерге сәттілік тіледі.
Көріп отырғандарыңыздай, бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Меніңше, мұның себебі — олар биыл осы орындарда осындай жағдайда ҰБТ-ны екі рет тапсырғанына байланысты. Ол кезде де бәрі тексеріліп, ұялы байланыс өшірілген болатын. Сондықтан олар үшін бұл — әдеттегі процесс. Мен 10 жыл бойы ҰБТ-ны өткізу рәсіміне қатысып келемін. Соңғы жылдары балалар сабырлы, алаңсыз. Оқушылар мен түлектерге сәттілік тілегім келеді. Бәрі қолдарынан келеді деп ойлаймын, — деді министр Асхат Аймағамбетов.
Мемлекет бакалаврға 53758 мың грант, магистратураға 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.