Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша грант иегерлері анықталды

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша грант иегерлері анықталды

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 63 жоба мемлекеттік грант иегері атанды.

Фото: Egemen.kz

Нұр-Сұлтанның инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар байқауының аяқталғаны туралы хабарлады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бизнесті дамытып, қолдауға арналған.

Бизнес-жобалармен таныстыру iQala қалалық қызметтер ортылығының алаңында барлық үміткердің қатысуымен ашық форматта өтті. Төрт күн бойы Facebook әлеуметтік желідегі Astana Media тобында тікелей трансляция жүргізілді. Жобалар бизнес-идеялардың жаңалығы, бәсекеге қабілеттілігі және бизнеске дайындық шарттарына сәйкес бағаланды.

Барлығы 250 өтініш келіп түсті, оның ішінде конкурстық комиссияның шешімі бойынша 63 жоба мемлекеттік грант иегері атанды.

Биыл Үкімет қаулысымен бекітілген Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына сәйкес Республикалық бюджеттен 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін 75 миллион теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version