Басты бетЖаңалықтарӨскеменде Александр...

Өскеменде Александр Пушкиннің 220 жылдығы тойланды

Өскеменде аса талантты һәм тағдырлы ақын Алаксандр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада кеш өтті.

Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысты. Салтанатты іс-шара кітапхана алдындағы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қоюмен басталды.

Биыл ақын Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл. Бұл — айтулы дата. Бүгінде біздің облыста классик ақынның атында кітапхана бар. Онда оқырманға қажет кітаптар мен оқулықтар жетеді. Кітапхана қорында 380 мыңнан астам кітап жиналған. Оның ішінде, облыс әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген Абай, Шәкәрім, Әуезов, Ф.Достоевский сияқты ақын-жазушылардың шығармалары бар. Биыл бұл тізімді кеңейтіп, баспа бетін көретін авторлардың шығармаларын көбейтуді жоспарлап отырмыз, — дейді Әсем Нүсіпова.

Айтулы кешке Өскемендегі Ресей Федерациясы бас консульдығының өкілі де қатысты. Бұл күні облыстық кітапхананың алдында «Бәрі Пушкин туралы» атты сұрақ-жауап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер «Эксклюзив» фотоклубы мүшелерінің туындыларын көрді. Жастар ақынның отты жырларын оқыды. Ал шараға келген қонақтар «Татьяна Ларинаның салоны» атты әдеби-музыкалық кешті тамашалап, ақын өлеңдеріне жазылған әуезді романстарды тыңдады.

Қуан Сейіт

Шығыс Қазақстан облысы