Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Фото: ШҚО Ішкі істер басқармасы

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 18 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтердің кілтін облыс әкімі Даниал Ахметов табыс етті. Бұл туралы ШҚО Ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Сіздер үшін бүгін ерекше қуанышты күн. Елбасының қолдауымен біз көпбалалы отбасыларға қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз Өйткені сіздер тәрбиелеп отырған балалар – еліміздің болашағы. Сіздерге пәтер кілтін табыстау мен үшін үлкен қуаныш. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Алтай ауданының орталығындағы №10 шағын ауданда орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүргізіліп, таяуда аяқталды. Қазір тұрғын үйге инфрақұрылым жүйелері тартылып, абаттандырылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version