Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Интернет алаяғына алданғанда не істеу керек? Заңгер кеңесі

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Алматылық студент Айжан Instagram желісінде көйлек сатып алмақшы болып, парақша иесінің шотына 10 мың теңге аударған. Егер киім ұнамай қалса, ақшасын қайтару келісімі болған. Бірақ Айжанға ақша да, көйлек те қайтып келмеді. Ол бұдан кейін ешқандай әрекет жасамаған. Айжан мұндай жағдайда полиция ештеңе істей алмайды деп ойлайтынын жасырмады.

Алаяққа алданып қалғанын білген адамға заңгер уақыт өткізбей, бірден полицияға арыздануға кеңес береді. Болатбек Ержанның айтуынша, егер өзге де жәбірленушілерді тауып, құқық қорғау органына бірге арыз жазсаңыз, алаяқты табу жеңілдейді.

Бірақ көбі полицияға бармай-ақ үміт үзеді. Азаматтардың көбі құқығын қорғауға келгенде «полиция алаяқты табатынына кепілдік бермейді» деп қолын бір сілтейді. Бірақ сол адам 100% кепіл бола алмайтын алаяққа сенді, — дейді заңгер.

Оның айтуынша, Қазақстан қалаларында мұндай қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы тергеу тобы құрылған.

Арнайы құрылған тергеу тобы көптеген қылмысты ашып келеді. Сондықтан азаматтар полицияға арызданса, қалған шаруа — тергеушілердің міндеті, — дейді ол.

Заңгер осындай іске қатысты тәжірибесін айтты.

Қытай алаяқтары Қазақстан кәсіпкерін 20 мың долларға алдап кеткенде алаяқтар жайлы көптеген дерек тапқан едік. Австрияда тұратын алаяққа қарсы екі елде қылмыстық іс қозғап, бірнеше елде тұратын жәбірленушілерді жинай алдық. Іс біздің пайдамызға шешілді. Қылмыскерлер жазаланды, — дейді Болатбек Ержан.

Интернеттегі алаяққа ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша 4 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Залал мөлшерінің ұлғаюына байланысты жауапкершілік 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.

Интернет арқылы сауда жасағанда қаржы аудармас бұрын одан не талап ету керек?

  • Зат сатып аларда сатушының құжаттарын (жеке куәлік, паспорт) түгел талап ету керек.
  • Сатушы жеке тұлға болған жағдайда арнайы келісімшарт жасағаны дұрыс. Себебі интернет-дүкенді басқаратын жеке тұлғалардың көбі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеле бермейді. Мұндай жағдайда тұтынушылар туралы заңнама талабы қолданылмайды.
  • Егер сатушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болса, онда олардың тіркеуін растайтын құжатын талап ету керек. Тұлғаның реквизиті арқылы ол жайлы ақпаратты желіден табуға болады. Мысалы, оның қарыздары, сот істері және оны әшкерелейтін өзге де ақпарат оңай табылады.

Заңгердің айтуынша, алаяқ адам міндетті түрде күдік туғызады. Олардың көбі өте тиімді, жеңіл ұсыныс жасайды. Мысалы, «кепілсіз қарыз ақша беруге», «бағаны төмендетуге» немесе тауарыңызды «қымбатқа сатып алуға» дайын болады.

Соңғы екі жылда Қазақстанда елдегі киберқауіпсіздік саласын дамытуға бағытталған базалық тұжырымдамалық негіз жасалды. «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы мен интернеттегі қылмыстың түр-түріне тосқауыл қоюға қауқарлы заңнама актілері тобы қабылданып, іске асырылып жатыр.

25 комментариев на «“Интернет алаяғына алданғанда не істеу керек? Заңгер кеңесі”»

  1. Мен алданып отырмын ешқандай куәлік сұрамаппын онлаин магазин Aualym_ shop 30 000 теңге ақшада жоқ товарда жоқ

  2. Жазған арызды жауып тастап РОВД Сот қа Сот РОВД ға жіберіп шаршатты
    Қайда барып арыз жазарымды былмей отырмын. Ип аты тел болсада ешқандай шара қолданбай отыр

  3. 40 мындай акшамды алып алып озы жок болып кетты чатты окымайды ашпайды жауап ала алмай отырмын комектесыныздершы

  4. Сәлеметсіздер ме мен де криптовалютадан алдандым негізі кредит алмақшы болғам криптовалютада кредитке 8млн ақша алу үшін ақша салу қажет екен салдым бақандай 450мың кредит алып салғам бірақ қайтара алмадым қатты қиын жағдайдамын банктер кредитін сұрауда

    • Менде де сол жағдай болып тұр не істедіңіз айтыңызшы өтініш

  5. Мен өз мопедтімді 150 ге саткам ол адам 130 бар калган 20 мын сосын берем деп алдап кеткен енді оны калай табармды білмеймін

  6. Менде алдандым инстаграм желісінде
    Біраз уақыт өтсе де арыз жазуға бола ма
    60979 тг

  7. Менде алдандым Инн тур салғам блока қоиып қоиған мені алмайт чек тур инн

  8. Менде алдандым кімге арыз жазамыз милион ұтыңыз деп 20000 мың салдырды камисиа төлейсіз деп төледім енді алдап тағы ақша сал деп отыр.Фариза Төреәлі деген блогер ден савшение келді мүмкін атын жамылып отырма білмеимін чегі бар удастак суреті бар екі қыз

  9. Фариза Құдайберген деген қызға алдандым ол чатта 367 адам отыр алдандым, 63000 тг жібердім енді қандай әрекеттер жасау керек, қалған адамдар алданбас үшін

    • Мені де тіркпп қойыпты. Жазсам қалаган сумма салыныз көп акша жасап берем дейді. Ай ол мүмкін емес нәрсе гой. Жай жазып көрсем карта номерін беріп тұр, тел номер бермейді. Уже сомнение. Кемпір беріп қыз алам деп откандар коп ау. Негізі мен де сеніммен карагам , кейін ойландым , так что сізді түсінемін.

  10. Мен бир паракшадан оригинал наушник ойнатып журмиз деген ала яка алданып отырмын бакандай 30000 тг канва кетти тур туси акшаны алганы бар видеода кайда жугинсем болады еще магнум супермаркетинде

  11. Менде алданып отырмын инстаграм да Әділет Серікұлы дегенге. Енді оны қалай қайтаруға болады? Ип егесі басқа адам болып шықты. Ол өзі қайтарам деп уәде берді. Бірақ 2 ай төлеп, соңғы 2 ай созып жүр. Не істесем болады?

  12. Менде алданып отырмын, біреулердің айтуымен Фариза деген инвестор, салған ақшаңа қарай , айына 30 % пайыз беріп отырады, және кез келген уақытта салған ақшаңды қайтарады деген. 2 млн салдым. Жалғыз мен ғана емес, 86 адам бар чатта, бәрі де млндап ақша салған, ең көбі 16-14 млнға дейін салымшылар. Қазір 2 айдың көлемі болды, ешқандай пайыз да, салынған ақшаны да қайтармай отыр.

  13. Теміртау қаласындағы «aligani_gani_shapdari» тоймаркет дүкенін алданғандарыңыз бар ма? Бірлесіп арыз жазайық полицияға. Мен жеке жаздым шара қолданбай отыр. Бірлесе жазса тиімді болады

  14. Тик токта Милана халат сататвн Балжан деген әйелге алдандым алдын ала ақшаны төлейсізда склат адресінен ала аласыз деді склад адресі өтірік брлып шықты телефон алмайды ватсап оқымайды сңлад адресі де жоқ халаттарда жоқ болды танысаңыздар жазыңыздаршы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version