Басты бет Қоғам «Халық барысы-2019» жүлдесін алматылық Дәурен Нұралинов иеленді

«Халық барысы-2019» жүлдесін алматылық Дәурен Нұралинов иеленді

Алматыда ұлттық күрес – белдесуден республикалық "Халық барысы-2019" турнирі өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық палуан қатысты.

Фото: Аbai.kz

Белдесудің алғашқы күнінде 1000-ға жуық палуан іріктеу кезеңінен өтіп, жарыстың екінші күні 32 палуан негізгі белдесуге жолдама алды. Жарыс нәтижесі бойынша алматылық Дәурен Нұралинов жеңіске жетіп, «Халық барысы» атағын алды. Бас бәйгеге тігілген 9 миллион теңге сыйақыға ие болды. Палуанның жаттықтырушысы – Мақсат Қиқымов.

II орынды Қостанай облысынан келген палуан Талғат Жиентаев иеленді. Оған 4 500 000 теңге сыйақы және қосымша диплом мен медаль табысталды. Жаттықтырушысы – Тоқтар Жиентаев. Жүлделі ІІІ орынды Жамбыл облысынан келген палуан Ғалымжан Қырықбаев алды. Палуанға табысталған жүлде қоры – 2 700 000 теңге. Палуанды Бақтияр Ақбергенов жаттықтырады.

«Халық барысы-2019» турнирі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұмытыла бастаған көне палуандық өнерінің бірі — белдесу спорт түрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.

Ұлттық спорт түрін қолдауға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров, ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының Президенті Арман Шораев қатысты.

Бұл белдесудегі ерекшелік – палуаның жасы мен салмағына шектеу қойылмайды. Жарысқа 18 жастан 50 жасқа дейінгі кез-келген азамат қатыса алады. Басты шарт: әрбір қатысушының салмағы 70 келіден асуы тиіс. Жарыс барысы Қазақстан Республикасы федерациясы бекіткен негізгі ережелерге сәйкес өткізілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version