18-20 маусым күндері ауа райы қандай болады?

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында атмосфералық қысым жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары хабаралды.

Синоптиктердің мәліметінше, жоғары қысымның салдарынан ауа райы бұлтсыз әрі ыстық болады.

Қазақстанның шығысына Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық атмосфералық фронттары ығысады. Алдағы үш күнде кей жерлерде найзағай ойнап, күшті екпінді жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін және ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.