Басты бет Жаңалықтар Тәжікстанда магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі болды

Тәжікстанда магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі болды

Тәжікстанда болған жер сілкінісі қазақстандықтарға сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтындағы мәліметтер бойынша, Астана уақыты бойынша сағат 13.50-де Душанбеден шығысқа қарай 364 шақырым қашықтықта магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, жер сілкінісі Алматыдағы көпқабатты үйлерде тұратын адамдар мен Шымкент қаласында да тербеліс сезілген.

Қазақстан ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілді. Алматыда тербеліс күші 2-3 балл, ал Тараз бен Шымкентте 3-4 балл болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version