Әлемнің қаржы саласындағы 50 ықпалды адамы белгілі болды

Сарапшылар жасаған рейтингтің бірінші орнында Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй тұр. Ал екінші орынды АҚШ президенттігіне үміткерлер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп бөлісті.

Әлемдегі қаржы саласындағы топ-10 қатарына агенттік ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Германия канцлері Ангела Меркель, Еуропалық орталық банк басшысы Марио Драги, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің басшысы Джанет Йеллен, инвестор Уоррена Баффетта пен бразилиялық федералдық судья Серджио Мороны қосты.

Бұл тізімде АҚШ президенті Барак Обама жоқ. Рейтингті құрастырғанда Bloomberg бүкіл әлемдегі тілшілер қосынының журналистерінен өз кандидатураларын ұсынуды сұраған. Жүздеген есімнен аға редакторлар 50 адамды таңдады.

ДереккөзҚазАқпарат