Қазақстандықтардың арасында ең көп жалақы алатын кәсіп иелері: ғылыми және техникалық салаларда (308,4 мың — 34,2 пайызға өскен). Тағы бір едәуір өскен сала бұл — қаржы және сақтандыру (300,1 мың — 30,7 пайыз жылына) және ақпарат пен байланыс салалары (200,2 мың — 3,6 пайыз). Ең төмен жалақы алатын кәсіп иелері сумен қамтамасыз ету, құбырлар және қалдықтарды тазалау саласында, айлық мөлшері 90,7 мың теңгені (12,9 пайызға өскен) құраған. Ауыл шаруашылығы саласында да ең аз айлық алатын мамандықтар қатарында — 78,4 мың теңге (12,6 пайызға өскен), бұл сала еліміздегі 100 мыңнан төмен айлық жалақы алатын сала болып саналады.
Өңірлер арасында ең көп жалақы алатын облыстар — Атырау (265,2 мың теңге) және Маңғыстау (237,3 мың теңге). Сонымен қатар, екі астанада да айлық мөлшері жоғары — Астана (205,5 мың теңге) және Алматы (187,3 мың теңге)
Жыл қорытындысы бойынша едәуір жалақы өскен облыстар — Атырау (26,2 пайыз), БҚО (25,3 пайыз және Қостанай (17,6 пайыз).
Шамамен елімізде орташа айлық жалақы бір жыл ішінде 15,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, тауарлар мен қызмет көрсету құны 2016 жылдың екінші тоқсанымен 2015 жылдың екінші тоқсаны аралығында 16,8 пайызға өскен. Тамыз айында бұл көрсеткіш 17,6 пайызға жеткен.