«Coca-Cola белестері» жобасының жеңімпаздары — қазақстандық кәсіпкер әйелдер ЕХРО-2019 халықаралық көрмесінде жұмыс істеу үшін Пекинге аттанды.

Білім беру сапарын Coca-Cola компаниясының халықаралық қайырымдылық қоры қолдады.

Coca Cola белестері
Фото жобаны ұйымдастырушылардан

Делегацияның барлық мүшесі 2013-2018 жылдар аралығында «Coca-Cola белестері» жобасының жеңіп шыққан. Осы уақыт аралығында 11 мыңға жуық әйел бизнесті жүргізу негіздерін оқып, ауылда табысты әрі жұмыс орындарын көбейтуге үлес қосатын жасыл технологияны дамыту құралдарымен танысты.

Осы сапарға үлкен үміт артамын. Жылыжай бизнесін жүргізудің тың әдісімен танысу үшін Қытай кәсіпорындарына баруды асыға күттім. Жаңа білім әрдайым жаңа идея береді, — дейді «Coca-Cola белестері» жобасының жеңімпазы, делагация мүшесі Шолпан Тұрдышева.

Қазақстанда «Coca-Cola белестері» жобасын «Әлеуметтік динамика» мен «Жасыл экономика үшін коалиция және G-Global дамуын қолдау» үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асырады.

Coca Cola белестері
Фото жобаны ұйымдастырушылардан

Сапарды ұйымдастыру бойынша серіктестер — Жібек жолының халықаралық сауда палатасы (Қытай) мен EXPO&WOMEN халықаралық ұйымы (Қазақстан).

EXPO-2019-ға Қазақстан кәсіпкерлерінің қатысуы — жоба идеясының ажырамас бөлігі. Біз әйелдерге өз кірістері мен экономикалық тұрақтылықты құруға белсенділік танытуға, оларды үздік бизнес идея байқауына немесе Пекиндегі көрме сияқты жарқын жобаларға қатыстыру арқылы жігерлендіруге тырысамыз. Бұл өмірлік тәжірибе екені сөзсіз. Әр делегат бизнесін одан әрі дамытуға ынталанады. Олардың өмірді жарқын жаққа өзгерте алатын жаңа идеямен, амбициямен оралуын күтеміз, — дейді «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!