Жолдау жүктеген міндеттер орындалады

Жиында сөз алған басшылар аса күрделі, қиын кезеңде жаһандық ахуалды жете түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәл, уақытылы жолданған Жолдауының ел болашағы үшін алар маңызы зор екендігін айтып өтті.

-Тұңғыш Президент күні қарсаңында біз қазақстандықтар тағы бір тарихи сәттің куәгері болдық. Тұңғыш Президентіміз өз Жолдауын жолдады. Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру мақсат екенін атап өтті. Ол үшін біздің қалаларымыз да әлемдік өркениетті шаһарлар қатарында болуы қажет. Бұл туралы Елбасы үнемі Шымкентті «республикадағы үшінші ірі қала» деп айтып келеді. Біз Президент жүктеген осы міндеттерді орындау жолында бар күш-қайратымызды салуымыз керек. Әсіресе, қалаға жаңа инвесторлар тартып, шаһар тұрғындарына жайлы жұмыс көздерін қарастырып, шетелдік бай тәжірибелерді өзімізде кәдеге жаратып, отандық өнім шығаратын кәсіпорындар ашуымыз керек, — деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетерлігі, Елбасы өз сөзінде, «Қазақстан-2050» бағдарламасын екі жыл бұрын жариялаған кезде, бұл межеге жетуге жолымызда қиындықтар кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Осыған орай, бүгін жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады.

Елбасының мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттілігін атап өткендігіне тоқталған шаһар басшысы сөз соңын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біздің мақсатымыз — елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», — деген сөзімен түйіндеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

«Өмір деген — жизнь»: Қорғаныс министрі әскердегі суицид туралы айтты

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық жастардың әскерден қашуын тәрбиедегі олқылықпен байланыстырды.

Президент Shell компаниясының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Aqyl Battle — жүктеуден PUBG-ды басып озған қазақша мобайл ойын

Aqyl battle – мобайл қолданба форматындағы интеллектуал ойын. Авторы Айболат Құлатай елімізде бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен IT жобасы туралы айтып берді.

Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді

Биыл Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық ауа ағындарының ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауады.