Алматыда екі сайлаушының бір кабинаға кіріп дауыс бергені туралы ақпарат жалған

«ҚазТАГ» ақпараттық агенттігі №111 сайлау учаскесінде екі адамның бір кабинаға кіріп кеткені туралы ақпарат таратқан еді. Алайда сайлауға бақылаушы ретінде қатысып жатқан «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі Мәдина Мұғази бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр.

Таң атқаннан бері осы учаскеде бақылаушы болып отырмыз. Ешқандай заңсыз әрекет тіркелген жоқ. Бір кабинаға екі адамның кіріп кеткені туралы да ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол екі адам — бір отбасының мүшелері. Екеуі расымен бір кабинаға кірмек болған. Алайда учаскенің төрайымы дереу оларды тоқтатып, екеуін екі кабинаға жіберді, — дейді Мәдина Мұғази.

Айта кетейік, алматылықтар 554 учаскеде дауыс беріп жатыр.

Президент сайлауы 9 маусым күні 07.00-20.00 аралығында болады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде сайлау учаскелерінде дауысты есептеу басталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі.

ДереккөзАlmaty.tv