Басты бет Білім Вице-министр Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

Вице-министр Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

Білім және ғылым министрінің бір орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы таратқан еді.

Эльмира Суханбердиева. Фото: Іnformburo.kz

ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева қамауға алынды. Бұл туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Санкция бойынша Эльмира Суханбердиева 2019 жылдың 2 тамызына дейін тұтқындалды.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Бірақ вице-министрдің кім екені жария етілмеген еді.

Эльмира Суханбердиева 1971 жылы туған. Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған. Алматы облысы Іле ауданындағы №7 орта мектептің директоры, қазіргі Нұр-Сұлтандағы №60 мектеп-лицейдің директоры, Астана білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың сәуір айынан бері ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары болып жұмыс істейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version