Басты бет Жаңалықтар Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда дрон ұшыруға тыйым салынады

Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда дрон ұшыруға тыйым салынады

Азаматтық авиация комитеті 9 маусым күнгі сағат 04.00-ден 10 маусым күнгі сағат 00.00-ге дейін пилотсыз аппараттарды ұшыруға қауіпсіздік мақсатында уақытша тыйым салынып отырғанын хабарлады.

Фото: Unsplash.com

Президент сайлауы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда пилотсыз аппараттарды ұшыруға шектеу қойылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, пилотсыз аппараттарды ұшыруға қауіпсіздік мақсатында уақытша тыйым салынып отыр. Тыйымның мерзімі — 2019 жылдың 9 маусымы күнгі сағат 04.00-ден 10 маусым күнгі сағат 00.00-ге дейін. Екі бас қалада бұл уақыт аралығында жерден 500 метр биіктікке дейін дрондарды ұшыруға рұқсат берілмейді.

Аталған шектеу Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларының қызметіне және кесте бойынша әуе рейстерін орындауға әсер етпейді, — деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

Пилотсыз аппараттарды ұшыруға шектеу қойылған аймақта осы ережені бұзған жеке тұлғаларға 10, заңды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version