Басты бетЖаңалықтарБіз арабтандыруға...

Біз арабтандыруға бой алдырып бара жатырмыз — Мұхтар Тайжан

«Ұлттық идеологияны күшейту керек. Ол  жоғары деңгейде болса, ешқандай сәләфиттер қауіп төндіре алмайды. Өкінішке қарай, бүгінгі отырыс барысында біз сәләфизм туралы мүлдем айтпаппыз. Меніңше, қазіргі кезде біз орыстандырудан арылып, арабтандыру саясатына бой алдырып бара жатырмыз. Өйткені сәләфиттердің айтуынша, шелпек пісіруге болмайды, ас беруге рұқсат жоқ, зират басында Құран оқуға да болмайды. Ол не деген сөз? Қазақ болма деген сөз емес пе? Сондықтан өткенде Ақтөбедегі оқиғалардан кейін Президент те айтты ғой, оған сәләфиттердің қатысы болса, оған тыйым салу қажет», — деді Мұхтар Тайжан.

Сондай-ақ қоғам қайраткері ұлтшылдық пен патриотизм мәселесін шатастырмауға кеңес берді.