Басты бетҚоғамМедицинаны цифрландыру...

Медицинаны цифрландыру қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді

Мамандар медицинаны цифрландырудың экономикалық тиімділігін осылай бағалады. Республикалық электрон денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, осы қорлардың жартысынан көбі қарапайым қағазды сатып алудан үнемделген. Емделушілер электрон қызметтер арқылы алдын ала тіркеліп, дәрігер кеңсесінде кезекке тұруға аз уақыт жұмсай бастады. Қабылдау уақыты да 25-тен 15 минутқа дейін қысқартылды.

Жуырда Петропавлдағы емханаға шамамен 71 мыңға жуық адам тіркелген. Оның амбулатория-емхана пункті цифрландыруды енгізуге арналған пилоттық ұйымға айналды. Қазір пациенттер дәрігер қабылдауына мобайл қосымша, электрон үкімет порталы немесе клиникадағы терминал арқылы тіркеле алады. Ал зертханада, функционал диагностика бөлмесінде және дәрірханада тегін дәрілерді босатуға электрон кезек қойылған.

Алдағы уақытта Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық алыс аймағында орналасқан емханалар компьютер және интернетпен толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Бұл бастама 2022 жылға дейін жүзеге асады. Қазіргі таңда барлық облыс орталығы біртіндеп электрон жүйеге көшіп жатыр. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қағазбастылықтан арылып келеді.

Бұл жұмыстардың басым бөлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр.