Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Геннадий-Джейкобс арасындағы жекпе-жек уақытының жуық арада белгіленуіне Сауль «Канело» Альварестің рингке шыға алмауы себеп болды.

Альварес пен НВО каналының келісімі бойынша 10 желтоқсанда тікелей эфирде жекпе-жек көрсетілмі өтпек болған. Альварестің рингке шыға алмауына байланысты каналдағы бос уақыт пен қаражатты Геннадий мен Джейкобстың жекпе-жегінің көрсетіліміне жұмсау қолайлылық тудырды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин бұған дейін Нью-Йоркте кездесу өткізіп көрмеген. Жекпе-жек 10 желтоқсан күніне Madison Square Garden мен Barclays Center ареналарының бірінде өткізілуі мүмкін. 

ДереккөзVesti.kz