Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жаздың алғашқы жұмыс аптасы жаңбырлы болып басталады

Фото: Chalabala/Thinkstock

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда дүйсенбіде Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарында да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, Атырау облысында шаңды дауыл тұрады, Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады.

Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарында дала өрті қаупі тым күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version