Нұрсұлтан Назарбаев демалыс кезінде де Қазақстаннан кеткісі келмейтінін мәлімдеді.
Мен әлемнің барлық елінде болып көрдім, өмірімде 200-ден астам президентпен кездестім. Әлемнің барлық әдемі жерінде болдым. Бірақ Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді, тіпті еңбек демалысы кезінде де. Өйткені отанымызда бәрі бар, — деді Тұңғыш Президент Назарбаев Университеті түлектерімен кездесуде.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көрікті жерлері шетелдегіден әсте кем емес екенін айтты.
Былтыр мен түрлі жерде арнайы болдым. Қазақстандықтар теңізге барады, бізде ал бізде Каспий бар, қараңыздар, қандай кешен бар ол жерде — төрт, бес жұлдызды отельдер. Олар басқа қонақүйлерден кем емес. Бізде Алакөл, Бурабай бар, Алматы облысында тау шаңғысы курорттары бар, бізде бәрі бар. Сондықтан біз еліміздің туризм әлеуетін дамытуымыз керек, сондай нысандарды ашуымыз керек, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол университет түлектерінен Қазақстанды халықаралық аренада белсенді насихаттауды сұрады. Биыл Назарбаев Университетін 963 студент, оның ішінде бакалавриат бойынша 565, магистратура бағдарламалары бойынша 378, докторантура бағдарламалары бойынша алты және 40 медицина докторы бітіріп отыр.
Биыл оқу орнындағы Тау-кен ісі және жер туралы ғылым мектебін алғашқы түлектер бітіріп шықты.