Басты бетҚоғамЖаңбыр, найзағай,...

Жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жұмадағы ауа райына болжам

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, оңтүстік-шығыс пен батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерде жел секундына 15-20 метрге дейін соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні секундына 25  метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей аймағында дауыл болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге артады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының Жаланашкөл аудынында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге артады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады.

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей аймағында өрт қаупі күшейеді.