Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында сегіз гранатаны сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында сегіз гранатаны сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Фото Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында үш адам жарылғыш заттарды сатпақ болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. 2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың үш қатысушысы — «А», «Р» және «М» сегіз «РГД-5» граната жүйесін өткізбекші болған кезінде ұсталды, — делінген баспасөз хабарламасында.

Олар тоғыз тұтандырғышты да сатпақ болған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version