Басты бет Басты Фотографтар суретті шын мәнінде қалай түсіреді?

Фотографтар суретті шын мәнінде қалай түсіреді?

Фейзбуктағы «1px.vn Photography and Photoshop» бірлестігі фотографтардың суретті шын мәнінде қалай түсіретінін көрсетті. Альбомда су астындағы модель мен тәбет ашатын тағамдардың қалай түсірілгенін білуге болады.

су астындағы модель

Модельді су астында суретке түсірудің құпиясы ашылды. Ол үшін су құйылған аквариум мен жарық керек.

Бургердің әр элементін суретке түсіру үшін оны әуеге лақтырып жіберіп, түсіріп әуре болмаңыз. Сізге керегі: 2 кішігірім баған мен бургер құрамына кіретін тағамдар ілінген бірнеше сым темір. Кейін сым темірлерді фотошоппен алып тастайсыз.

Модельді суда суретке түсіру үшін ваннаны да қолдануға болады.

Макропланда суретке түсіру үшін фоны мен жарығы дұрыс таңдалса, жеткілікті.

Тамшыға ілінген қос ғашықтың суретін түсіру үшін күннің батуын күтудің қажеті шамалы. Ол үшін қос ғашықтың суреті мен жапыраққа тұнған шық керек. Дәл осы тәсілмен тамшы ішіне басқа да суреттерді қоюға болады.

Журнал столынан да көз тартарлық сурет түсіруге болады.

Мөлдір әйнек пен бірнеше су тамшысы фотографтардың «жан досына» айналған.

Қала шамдарының пішінін өзгеру үшін объективке дәл сондай пішін ойылған қап кигізуге болады.

Бу үтігінің көмегімен жаңа піскен асшаянды қараған адамның тәбетін ашатындай қылып түсіруге болады.

Көлеңкенің көмегімен тартымды сурет түсіруге әдемі мысал.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version