Басты бетБастыФотографтар суретті...

Фотографтар суретті шын мәнінде қалай түсіреді?

су астындағы модель

Модельді су астында суретке түсірудің құпиясы ашылды. Ол үшін су құйылған аквариум мен жарық керек.

бургерді суретке түсіру

Бургердің әр элементін суретке түсіру үшін оны әуеге лақтырып жіберіп, түсіріп әуре болмаңыз. Сізге керегі: 2 кішігірім баған мен бургер құрамына кіретін тағамдар ілінген бірнеше сым темір. Кейін сым темірлерді фотошоппен алып тастайсыз.

модель

Модельді суда суретке түсіру үшін ваннаны да қолдануға болады.

печеньенің суреті

Макропланда суретке түсіру үшін фоны мен жарығы дұрыс таңдалса, жеткілікті.

фотоөнер

Тамшыға ілінген қос ғашықтың суретін түсіру үшін күннің батуын күтудің қажеті шамалы. Ол үшін қос ғашықтың суреті мен жапыраққа тұнған шық керек. Дәл осы тәсілмен тамшы ішіне басқа да суреттерді қоюға болады.

фотоөнер

Журнал столынан да көз тартарлық сурет түсіруге болады.

m&ms

Мөлдір әйнек пен бірнеше су тамшысы фотографтардың «жан досына» айналған.

түнгі қала

Қала шамдарының пішінін өзгеру үшін объективке дәл сондай пішін ойылған қап кигізуге болады.

креветки

Бу үтігінің көмегімен жаңа піскен асшаянды қараған адамның тәбетін ашатындай қылып түсіруге болады.

терезе

Көлеңкенің көмегімен тартымды сурет түсіруге әдемі мысал.