Басты бетЖаңалықтарҚытайда Қазақстанның...

Қытайда Қазақстанның шекарасына жақын маңда жер сілкінді

Жерасты дүмпулері 7 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 10.30-да тіркелді, магнитудасы — 4,5. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық класы — 10,4, тереңдігі — 15 шақырым.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 5 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.12-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 391 шақырым қашықтықта, Балқаш көлінің шығыс бөлігінде болды.

ДереккөзTengrinews.kz