Басты бет Жаңалықтар ЕАЭО елдерінің үш басшысына Нұрсұлтан Назарбаев ордені берілді

ЕАЭО елдерінің үш басшысына Нұрсұлтан Назарбаев ордені берілді

Қазақстанның мемлекеттік наградасы Владимир Путинге, Александр Лукашенкоға және Сооронбай Жээнбековке Еуразия интеграциясы идеясының 25 жылдығына және Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай беріліп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкоға орден табыс етті. Фото: Аkorda.kz

Ресей, Беларусь және Қырғызстан басшылары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталды. Қазақстан Президенті сондай жарлық шығарды.

Еуразия интеграциясы идеясының 25 жылдығына және Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сонымен бірге Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын: Путин Владимир Владимирович — Ресей Федерациясының Президенті; Лукашенко Александр Григорьевич — Беларусь Республикасының Президенті; Жээнбеков Сооронбай Шарипович — Қырғыз Республикасының Президенті, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған құжатта.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені 2001 жылы тағайындалды. Бұл мемлекеттік награда азаматтарға Қазақстан Республикасының қалыптасуына, гүлденуі мен даңққа бөленуіне ықпал еткен мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін және шетел басшылары мен саясаткерлеріне Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 мамыр күні Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке және Ресей Президенті Владимир Путинге орденді өз қолымен табыс етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке орден табыс етті
Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке орден табыс етті. Фото: Аkorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге орден тапсырды. Фото: Аkorda.kz

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version