Басты бет Жаңалықтар Көлік жолдарындағы полиция тұрақтары жойылады

Көлік жолдарындағы полиция тұрақтары жойылады

Бұл шара құқық қорғау қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында 1 шілдеден бастап қолға алынады.

Фото: Ivest.kz

Қазақстанда ішкі полиция тұрақтары жойылады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

1 шілдеден бастап жолдағы тұрақтар қысқарып жатыр. Бүгінде тұрақтар жол учаскелерін видео- және фотобақылау жүйелерімен қаншалықты жарақтандырғанымызға қарай кезең-кезеңмен қысқартылады, — деді министр.

Ол бұрынғы Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовтің 2000 жылы жүргізген жасырын рейдін еске салды. Экс-министр жүк көлігі жүргізушісі кейпіне еніп, Өзбекстан шекарасынан Алматыға қарбыз жеткізбек болған еді. Сол рейд кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы 36 парақорлық дерегі анықталған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, қазіргі уақытта полицияның тыйым салынған заттар тасымалын Қазақстан ішінде бақылауға мүмкіндігі мол.

Ішкі тұрақтар жойылады, олар еліміздің периметрі бойынша ғана қала береді. 300-ден астам қызметкер қатарын көбейтуді қажет етіп тұрған қызметтерге ауыстырылады. Тұрақтар қонақүйлерге беріледі, жылынуға және дағдарыс жағдайына арналған орын ретінде қолданылады. Қалаларға кіреберістегі тұрақтар да таратылады, — деді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version