Басты бет Жаңалықтар 28 мамырда батыстан басқа өңірлерде күн ашық болады

28 мамырда батыстан басқа өңірлерде күн ашық болады

Жоғары қысымның әсерінен еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болмайды, батыс, оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста ауа райы тағы да құбылмалы болып, жаңбыр жауады.

Фото: Gagauz.md

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, Атырау облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында 2 градус, Шығыс Қазақстан ​​облысында 3 градус үсік болады. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version