Басты бет Жаңалықтар Оңтүстікте 33 градус ыстық, солтүстікте 3 градус ызғар болады

Оңтүстікте 33 градус ыстық, солтүстікте 3 градус ызғар болады

Қазақстанның солтүстігіне Еуропаның солтүстігінен суық ауа, оңтүстігіне Орталық Азиядан жылы ауа келеді.

Фото: Alekseysotnikov.livejournal.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 мамыр күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, көктемнің соңғы күндері ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жиі жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 28-33 градус ыстыққа дейін көтерілсе, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3 градус аязға дейін үсік болады. Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстігінен және Оралдан ылғал әрі суық ауа массасының, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массасының келуіне байланысты болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version