2016 жылы Димаш еліміздің қай әншісімен бірге дуэт жазды?
Димаш Құдайберген 2016 жылы танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызымен "Аққуым" әніне дуэт жазды.
Димаш Құдайберген терме тыңдағанды жақсы көреді. Әнші терме орындай ала ма?
Димаш төрт жыл бұрынғы сұхбатында күнде терме тыңдайтынын, бірақ орындау қолынан келмейтінін айтқан.
Димаштың алғашқы мини-альбомы қай жылы шықты?
Димаш Құдайберген өзінің алғашқы мини-альбомын 2016 жылы 1 қаңтарда шығарды.
Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауына қай жылы қатысты?
Димаш Құдайберген 2015 жылы "Славян базары" байқауына қатысып, Гран-приді жеңіп алды.
2016 жылы "Бала дауысының" іріктеу кезеңінде Димаш Құдайберген қай облыстың қазылар алқасының құрамында болды?
2016 жылы "Бала дауысы" байқауының іріктеу кезеңінде Димаш Қостанай облысының бүлдіршіндеріне қазылық етті.
Димаш мектепте қандай спортпен шұғылданды?
Димаш Құдайберген бала күнінде футбол ойнап, таэквондоға, суға жүзуге қатысқан.
Қытай бұқаралық ақпарат құралдары Димаш туралы не деп жазды?
I am Singer байқауы кезінде қытай басылымдары әнші туралы "Димаш - Тәңірі өзі назарына алған жас әнші" деп жазды. Бұл байқау Димашты әлемге танытты.
Қытайдың QQ iTunes чартында Димаштың қай әні бірінші орында болды?
Қытайдың QQ iTunes чартында Димаштың орындауындағы қытайша "Мәңгі естеліктер" әні шыққан күні-ақ бірінші орында тұрды. Бұл ән - фэнтези жанрындағы "Естеліктер шайқасы" фильмінің саундтрегі.
Димаш Құдайберген I am Singer байқауының 6-кезеңінде қандай ән орындады? Есіңізде ме?
Димаш Құдайберген I am Singer байқауының 6-кезеңінде Ремо Джадзоттоның Adagio әнін орындады.
Әлеуметтік желіде бөлісу: