Басты бет Мәдениет Қазақстанда музыка театр қызметін нарықтан ығыстырып барады

Қазақстанда музыка театр қызметін нарықтан ығыстырып барады

Қазақстан меломандары жанды дауыстағы концерттерден ақша аямайды, елімізде концерт ұйымдастыруға қатысты қызмет көлемі бір жылда 30%-ға артқан. 

Иллюстрация: Dribbble.com ©Barbara Morrigan

Еnergyprom.kz сарапшыларының хабарлауынша, Қазақстанда 2018 жылы концерт ұйымдастыру саласы бойынша 26,5 миллиард теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл 2017 жылға қарағанда 30,5%-ға көп.

Концерт ұйымдастыру — Қазақстандағы шығармашылық, өнер мен ойын-сауық саласы бойынша көрсетілетін барлық қызмет түрінің 46,9%-ы. 2017 жылы көрсеткіш 41,6%-ға тең болған.

Цифрларға қарағанда концерт қызметі соңғы жылдары қарқынды дами бастады. Себебі 2016 жылы өнер мен ойын-сауық саласындағы барлық қызметтің 45,9%-ы театрларға тиесілі болған.

2018 жылы Қазақстанда өткізілген концерт саны 7,1 мыңға жеткен, цифр 2017 жылғыдан 7%-ға көп. Қазақстандықтар өзге қалаларға сапарлататын музыканттардың концертіне көп барады екен. Артистердің өзге қалаларға бармай өткізген кештерінің саны 18,1%-ға (4,9 мыңға дейін) азайып, басқа қалаларда қоятын концерттерінің саны 3,8 есе көбейген (2,1 мыңға дейін).

Еnergyprom.kz сарапшылары 25-26 мамыр күндері Алматыдағы Республика сарайының алдындағы Абай алаңында қазіргі заманғы этника музыкасының жыл сайынғы халықаралық фестивалі — The Spirit of Tengri-2019 өтетінін еске салады. Үлкен музыка шоуына 16 елден 70-тен астам өнер ұжымы келеді. Ашық аспан астындағы тегін концерт сағат 17.00 басталады. Жобаның бас серіктесі — Salem Social Media. Фестиваль биыл Алматы әкімдігінің қолдауымен Жастар жылын мерекелеу аясында өтеді.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Barbara Morrigan)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version