Мазмұнға өту
Басты бет / Білім /

Мектеп түлектері мешітте үлкендердің батасын алды

Фото: Muslim.kz

Бірер күннен соң мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас жеткіншектердің жігерін жанып, рухани қолдау көрсетуге бағытталған бұл шараға астана мектептерінің 2000-нан астам оқушысы жиналды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында шәкірттер ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен, Нұр-Сұлтан қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есинмен, белгілі ақын, Shalkar радиосының директоры Қалқаман Саринмен және басқалармен кездесті.

Фото: Muslim.kz

Азаматтар жас түлектердің алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Шара аясында сынағы мол кезең алдында тұрған түлектерге рухани қолдау көрсету және сабырға үйрету мақсатында арнайы буклеттер таратылды.

Фото: Muslim.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version