«Жасампаз елдің жастары». Журналистер мен блогерлер байқауға қатысады

Байқауға Қазақстан жастарының өмірі мен жетістіктері және оларға әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету тақырыбында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері жарияланған материалдар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін jasampazjastar.kz сайтына онлайн өтініш беру керек. Өтініш 2019 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады. Қазылар ұсынылған материалдардың объективтігін, мазмұндау кәсібилігі мен тақырыпты ашудағы шеберлігін бағалайды.

Конкурстың жүлде қоры — 7 000 000 теңге.

Бұл байқау осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биылғы басты ерекшелігі — жаңа номинациялардың қосылуы. Әрбір қатысушы өзінің кем дегенде 3 материалын ұсына алады. Қорытынды марапаттау рәсімін БАҚ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткіземіз, — деді Qadam Intech қоғамдық қорының атқарушы директоры Мақсат Дүйсепаев.

Байқау жеті номинация бойынша өтеді:

  1. Үздік телевизиялық сюжет;
  2. Мерзімді БАҚ-тағы үздік жарияланым;
  3. Үздік радиоматериал;
  4. Ақпарат агенттіктеріндегі (интернет-ресурс) үздік жарияланым;
  5. Әлеуметтік желідегі (блогерлердің материалдары) үздік жарияланым;
  6. Үздік фотоматериал;
  7. Үздік вайн.