Басты бет Жаңалықтар Сәрсенбідегі ауа райы: жеті облыста бұршақ жаууы мүмкін

Сәрсенбідегі ауа райы: жеті облыста бұршақ жаууы мүмкін

22 мамырда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Бұршақ. Фото: 1000.menu

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, Жамбыл облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 23-28 м/с жел соғады. Алматы облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 25 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Қарағанды облысында тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, күндіз өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан облысында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында тұман түседі, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында да 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Павлодар облыстарында 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтанда 3 градус, Ақтөбе облысында 1 градус ызғар болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында күн ыстық болады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде дала өрт қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында өзендердің деңгейі көтеріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version